Футбол • 19 Қаңтар, 2022

Поль Погба аптасына 600 мың еуро табыс табудан бас тартты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қысқы трансферлік терезенің жабылатын сәті де жақындап қалды. Соңғы күндері Еуропаның алпауыт клубтары құрамын мықты футболшылармен толықтыру жолында жанталасып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Поль Погба аптасына 600 мың еуро табыс табудан бас тартты

Бұған дейін дортмундтық «Боруссияның» шабуылшысы Эрлинг Холандқа көз тіккен «Манчестер Ситидің» басшыларының жоспары өзгерді. Норвегиялық футболшы Мадридтің «Реалына» ауысқысы келетінін естіген сәтте ағылшындық клубтың жетекшілері «Реалдың» жас шабуылшысы Винисиус Жуниорды қатарларына қосқысы келетінін аңғартты. The Athletic басылымының жазуынша, «Манчестер Ситидің» бас бапкері Хосеп Гаврдиола қалайда Винисиусты команда қатарына қосқысы келеді екен.  

«Манчестер Юнайтед» футбол клубының жартылай қорғаушысы Поль Погба осы жазда ағылшындық командадан кетеді. Ол франциялық «ПСЖ» футбол клубына ауысып, әйгілі Лионель Мессимен бір командада ойнау үшін ағылшындық команданың басшылары ұсынған жоғары жалақыдан (аптасына 600 мың еуро) бас тартты.