«ӨКМ Операторының» утилизациялық алымдар жинағы бойынша қызметі тоқтатылып орнына жаңа компания анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Олжас Беркінбаев фейсбук парақшасында жазды.
«2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын жүргізу және кәдеге жарату алымына иелік етуді тоқтату жөнінде шаралар қабылдауға тапсырма берген болатын.
Осы тапсырманы орындау шеңберінде 2022 жылғы 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне ведомстволық бағынысты ұйымдардың кейбір мәселелері туралы» Қаулы қабылдады.
Осыған байланысты өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінің операторы болып мемлекеттік ұйым ретінде «Жасыл даму» акционерлік қоғамы айқындалды. «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің кәдеге жарату алымын әкімшілендіру және тиісті қаражаттарға билік ету бөлігіндегі қызметі тоқтатылды», деп атап өтілді министрліктен.
Ведомство мәліметінше, бүгінгі күні тиісті уәкілетті органдар активтерді мемлекеттік меншікке беру, уәкілетті органдардың қорытындыларын ұсыну, «Жасыл даму» АҚ балансына беру, акционерлік қоғамды әділет органдарында қайта тіркеу және басқа да іс-шараларды қабылдап жатыр.
Айта кетейік, «Жасыл даму» акционерлік қоғамы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қарамағындағы ұйым саналады.
«Утилизациялық алымның коэффициенттерін төмендету мәселесі бойынша ҚР Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кәдеге жарату алымының коэффициенттерін қайта қарау бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Бұл мөлшерлемелер осы жылдың ақпан айының соңына дейін қаралып, бекітіледі. Жоғарыда көрсетілген жұмыс тобының қызмет нәтижелері туралы ақпарат министрліктің интернет-ресурсында орналастырылады. Көрсетілген уақытқа дейін кәдеге жарату алымы «Жасыл даму» АҚ операторына қолданыстағы мөлшерлемелер бойынша төленуде», делінген министрлік ақпаратында.
Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда «ӨКМ операторынан» утилизациялық алым қызметін тоқтатуды тапсырды.
Ол сондай-ақ, утилизациялық алым мөлшерiн қайта қарауды тапсырды. Кейінірек экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде Қазақстанда утилизациялық алымды кім жинайтынын хабарлаған еді.
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар