
«Бір Отаным деп...»
7 сыныпта жүргенімде Серік Шәкібаевтың «Үлкен Түркістанның күйреуі» деген кітабы шықты. Ауыл кітапханасынан үйге әкеп бас алмай оқыдым. Кітап бастан-аяқ Мұстафа Шоқайға арналыпты, ол әкем айтқандай біздің ауылдан шыққан біртуар азамат емес, туған елінің бақытына кереғар тұрған дұшпан, Отанын сатқан нағыздың өзі екен.
Әкемнің аузынан Мұстафа түспейді. Екеуі бір топырақта өмірге келген қатар-құрбы, 1938 жылы туған жерге ат басын бұрғанда ел-жұртты аралап, бірге жүрген үзеңгі жолдас.
− Сонда үстіне ақ кәстөм-шалбар киіп, қолына қоңырқай таяқ ұстаған Мұстафа ел ішіне барғанда қасындағы жора-жолдас, ағайынға қарап бір сөз айтты. «Қойды соя бермеңдер, өсіріңдер. Гүл өсіріңдер», − деді. «Қойды соя бермеңдер» дегенін түсіндік, мал басын көбейтіңдер дегені ғой. Ал «гүл өсіріңдер» дегені несі екен, мынадай боз топыраққа гүл қайдан өссін деп таңғалдық. Сөйтсек, гүлге су құйса, өспейтін жері болмайды екен. Мәдениетті болыңдар дегені екен ғой, жарықтықтың. Ұзамай Мұстафа елден кетіп, француз асыпты дегенді естідік. Сөйтсек, бұл ел-жұртпен қоштаса келген беті екен.
− Әке, осы Мұстафа аузыңыздан түспейді, мына кітаптан оқыдым, ол Отанын сатқан сатқын екен ғой, − дедім қарақоңыр кітапты қолыма ұстап тұрып.
Әкем маған көз астымен қарап отырып қалды. Кенет тамағын бір кенеп ап бір-ақ ауыз сөз айтты.
− Әкеңе сенесің бе, кітапқа сенесің бе?!.
Жылжып жылдар өтті. Әбден шау тартқан шағында әкем перзентін тағы да сөзге тартты.
− Мұстафаның бар қызығын Ібіраһім көкең көрді ғой, − деді көз астымен қарап. – Әйтеуір аман қалды...
Ибрагим Шоқаев – әкемнің немере інісі. Оқыған кісі, зерделі азамат, жастық шағын философия ғылымдарының докторы, профессор Досмұханбет Кішібековпен бірге өткізген парталас досы. Өкіметтің құрығына түскендегі бар айыбы – Мұстафа Шоқаймен бір топырақта туып, әкелерінің аттас болуы. Шоқаев көкем (біз осылай атайтынбыз) Сталин өлгенше НКВД-ның қармағына ілініп, бақылауда жүріпті. Партия қатарынан шығарып, мектеп директоры, балалар үйінің бастығы қызметінен босатылып, ақырында бастауыш сыныптың мұғалімі боп зейнетке ілігіпті. Маған да бастауышта қара танытып, көзімді ашқан өзімнің Шоқаев көкем.
− Әйтеуір итжеккенге айдалмай, зобалаңда атылмай аман қалды. Әйтпесе бұлар ойына келгендерін істеді ғой, − деп әкем біреуді іздегендей айналасына аңтарыла қарады.
Үлкен тарихты ішінара білсек те, үй айналасындағы кішкентай тарихты білмейді екенбіз. Тәуелсіздік алып, атымыз арқанын үзген соң біз де білгенімізді айтып, үлкен тарихқа үн қосуға тырыстық. 1991 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған «Астана – Бәйтерек» әдеби бәйгесіне қатысып, әкем айтқан әлгі естелікті көркемдік деңгейге жеткізіп, «Қой мен гүл» деген әңгіме жазып, бас бәйгені иемдендім. Сонда қатар жүрген бел құрдас «Мұстафа Шоқай предатель ғой» дегені жайбарақат тұрып. Мен де әкем сияқты отырып қалдым. Тәуелсіздік қайығын еркін есіп, асау толқынды бағындыра бастаған кезде әлгі тату жолдас Мұстафа өмірін арқау ғып сахналық шығарма жазыпты. Қойылым тұсаукесеріне мені шақырмады, сірә, сөз естіп қалам ба деп сескенсе керек.
Академик Мәмбет Қойгелді көгілдір экраннан бір сары алтындай салмақты сөз айтты. «Шапанды кительге, мұсылмандықты христиандыққа айырбастап кеткендердің бетін ашатын кез келді», деді. Мұстафа өмірде тік жүріп, тұл өтті, жүрген соқпағынан табанын тайдырмады. Оған «жолыңнан қайт, бағытыңды өзгерт» деген нұсқау көп болды. Ол бас имеді, өйткені большевизмге сенбеді. Жүрегі Шиеліде, сүйегі Берлинде қалды.
Әкемнің айтқан сөзі құлағымда. «Бір Отаным деп өтті ғой өмірден», деді Мұстафа туралы сөзді қайырып. Оның перзенті де, сүйген жары да, ағайын-тумасы да бір Отаны болды.
Әкем қасымда жоқ.
Кітапқа емес, өзіне сенгенімді ести алмай кетті.
Көптиражды газеттің құдіреті
Қиын өткелдердің бәрінен жеңіспен өткен академик, Лениндік сыйлықтың лауреаты Шахмардан Есенов өзі жоғары білім алған ыстық ұясы – Қазақ политехникалық институтына кафедра меңгерушісі боп қайта оралды. Студент қауым мен оқытушылар екі рет Геология министрі, Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Ғылым академиясының президенті болған тұлғаны жақыннан көргенде жандары толқып, сыртынан Қаратаудай биік тұлғасына көздері толғанша сүйсіне қарап өтетін. Біртуар ғалым, Қаныш Сәтпаевтың соңынан ерген тікелей шәкірті, геология саласының білгірі аудиторияда лекция оқығанда тыңдаушыларға қазақ ғылымы осы жерге көшіп келгендей көрінетін. Оның әр лекциясы өмірмен тығыз байланысты еді.
Бір күні институттың «За инженерные кадры» деген көптиражды газетіне түлектер қайта оралды деген сарында мақала жарияланып, Есеновтің аты аталып, ұстаздық ұлағаты сөз болады. Сол-ақ екен, ел дүрлігіп, «бұл неге бұндай сарында жазылады?» деген үйме табақ пікір айтылып, бастауыш партия ұйымының күн тәртібіне мәселе боп қойылып, «тоғыз балдық» талқылау соңы жарға соғылып тыншыды. Академик кафедра меңгерушілігінен де босатылып, профессор-оқытушы боп қатарға қосылды.
Сол кездері баспасөздің күші Таусоғардың екпініндей күшті-ақ еді. «Баспасөз – ұжымдық үгітші, ұжымдық насихатшы ғана емес, сондай-ақ ұжымдық ұйымдастырушы да» деген Лениннің сөзіне де жүгінетінбіз. Сол жолы да насихат соңы жұдырықтай жұмылған ұйымшылдыққа ұласты, «өз жақсымыз» тағы бір кедергіге тап болды. Сөйтіп, жүйкеге тиер қарекеттің соңы ажал боп келіп, бір күні нәзік жүректің лүпілін тоқтатты.
Баспасөздің қара қылды қақ жарған дәурені қайтып оралса ғой, шіркін! Бүгіндері «Хат соңында адам бар», «Бір хаттың ізімен», «Сынап едік, қорытындысы қандай?» деген айдарларды аңсаймыз. Фельетон жазылған жердің тағдыры да газеттің қолында болатын. Көптиражды газеттің құдіретінің өзі осындай еді. Ал қазір жекеменшік газеттердің желкені «тұманды теңіз төрінде жалт-жұлт етіп желкілдеп» тұр.
Сол адам тағдырын таразыға салған пұшпақтай газет кейін Есенов есімін алған Маңғыстау университетінің мұражайында жәдігер ретінде сақтаулы. Сарғайған газетте өткен күндердің сарыжолақ сыры бар.
Қуандық ТҮМЕНБАЙ,
жазушы
Қоғам • Бүгін, 22:32
Қоғам • Бүгін, 22:26
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Бүгін, 22:23
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Бүгін, 22:20
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Бүгін, 22:18
Руханият • Бүгін, 22:16
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Бүгін, 22:15
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Бүгін, 22:14
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Бүгін, 22:12
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Бүгін, 22:11
Аймақтар • Бүгін, 22:10
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Бүгін, 22:08
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Бүгін, 22:07
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Бүгін, 22:06
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Бүгін, 22:05
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Бүгін, 22:02
Экономика • Бүгін, 21:59
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Бүгін, 21:57
Мүгедектігі бар адамдардың да жүргізуші куәлігін алуға мүмкіндігі бар
Қазақстан • Бүгін, 21:53
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Бүгін, 21:49
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Бүгін, 21:07
Жамбылдағы түзеу мекемесіндегі жемқорлықпен сотталғандар қалай өмір сүріп жатыр
Аймақтар • Бүгін, 20:44
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 20:27
Әлихан Смайылов экономиканы демонополизациялау жұмысын жалғастыруды тапсырды
Үкімет • Бүгін, 20:03
Ақмолада 10 жастағы баланы зорлаған жасөспірімдер ісі тергеліп жатыр
Қоғам • Бүгін, 19:48
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Бүгін, 19:27
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Бүгін, 19:10
Александр Недовесов Франциядағы турнирдің ширек финалына шықты
Теннис • Бүгін, 18:54
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Бүгін, 18:43
Жаңа оқу жылынан бастап ұлдар мен қыздар дене шынықтыру пәнін бөлек өтеді
Білім • Бүгін, 18:34
Президенттің атына әлемдік көшбасшылардан құттықтаулар келіп жатыр
Президент • Бүгін, 18:26
Атырау қантты Үндістаннан сатып алуы мүмкін
Аймақтар • Бүгін, 18:21
COVID-19: Бейжің метрополитенінде 100-ден аса станция жабылды
Коронавирус • Бүгін, 18:16
«Turkistan Invest» төрағасының орынбасары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 18:04
Павлодар облысында заңсыз балық аулағандар ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 17:58
ШҚО-да ауыл көшесіне көпбалалы ананың есімі берілді
Аймақтар • Бүгін, 17:48
Алматылықтар электр энергиясы үшін енді көбірек ақы төлейді
Аймақтар • Бүгін, 17:38
Журналистер мен блогерлер арасында байқау жарияланды
Қазақстан • Бүгін, 17:29
Испанияда екі пойыз соқтығысып, 85 адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:18
Ауыл мектептеріне 515 жаңа автобус беріледі
Қазақстан • Бүгін, 17:10
Ұқсас жаңалықтар