Қоғам • 20 Қаңтар, 2022

Әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін уақыт келді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісіндегі сөзінде халық естігісі келетін сөздер айтылды. Енді нәтижесі халық қалағандай болғаны керек. Біздің ел әлеуметтік мемлекет екенін, республикалық бюджеттің 50 пайыздан астамын әлеуметтік шығындар құрайтынын және оның жеткіліксіз екенін естідік.

Әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін уақыт келді

Халықтың өмір сүру сапасын жақсарту керектігі, нақтырақ айтқанда, нарықтық экономика деп рейтинг қуалап, жауапты орган бір әлемде, ал қоғам басқа әлемде өмір сүріп жатқаны, халықтың несие­ге мұқтаждықтарының артуы, нарықтағы баға мен жалақы арасындағы айырмашылықтың көптігі, сәйкесінше бұл жағдай елдің жағдайының нашарлауына себеп болып тұрғаны хабарланды.

Еліміздегі әлеуметтік сая­саттың тиімсіздігі, халықты жұ­мыспен қамтудағы мәсе­лелер, жұмыссыздықтың көбеюі, сапалы білімнің қа­жет­тігі, өңірлердегі жағ­дай­лар, миграция, шағын жә­не орта бизнеске көмек көр­сету, мемлекеттік орган­дар мен халық арасында тіке­лей тиім­ді байланыстың жоқ­­тығы, әлеу­меттік саясат­ты жаңа ба­ғытта жүзеге асы­ру қажеттігі және оның әрбір азаматтың жағдайына бай­ла­нысты атқарылуы тиіс екені айтыл-
ды.

Біздің халыққа керегі де осы еді. Алайда айтылғандардың барлығы бір тараптан ғана емес, екі тарап негізінде бірлесе жүзеге асырылуы керек. Яғни елдің әр азаматының әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін және сезіндіретін уақыт келген сияқты. Ел азаматтарының әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, барлық бағыттағы сауаттылығын арттыру үшін де тиісті шаралар атқарылуы қажет. Сауатты азаматтар мен сауатты бәсекенің жүзеге асы­рылуы тұрақтылықты қалып­тас­тырады.

 

Шырын ТЛЕНЧИЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«Әлеуметтану» мамандығының PhD докторанты