Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің отырысында сөйлеген сөзі ең алдымен елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталды. Президент негізгі назар жастарға аударылуы тиіс екенін жеткізді.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әлеуметтанулық зерттеу нәтижелеріне негізделген «Қазақстан жастары» талдамалық баяндамасына сүйенсек, жастарға өзін сенімді сезінуі үшін тұрақты жұмыс, жеке тұрғын үй және лайықты табыс деңгейі қажет. Табысқа жетуге кедергі келтіретін негізгі себептер – сыбайлас жемқорлық пен бюрократия, мақсаттың жоқтығы, экономикалық жағдайдың нашарлығы, байланыстардың жетіспеушілігі.
Бұл ретте елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартудың өзара байланысты бірнеше бағыты бар екенін айтқым келеді. Яғни саясат (тұрақты және ашық саяси режім); экономика (нарықтық жүйе, қаржы-несие саясаты, ауыр және жеңіл өнеркәсіп инфрақұрылымы, тұрақты жұмыс орындары және т.б.); әлеуметтік сала (әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру жүйесі, денсаулық сақтау жүйесі және т. б.).
Саясатқа келетін болсақ, Президент мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты трансформациялау қажеттігі туралы және саяси модернизацияның әрі қарай жалғасатынын сөз етті. Ғылыми-зерттеу орталығы сарапшыларының айтқанындай, жастар салыстырмалы түрде бейсаяси күйде болғанымен, наразылық әлеуетінің деңгейі өте жоғары. Жастардың пікірінше, азық-түлік пен дәрі-дәрмек бағасының қымбаттауына байланысты наразылықтар ықтималдылығының деңгейі бәрінен жоғары. Осы орайда саяси жаңғыртудың қоғам арасында кең тараған концептісі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының идеясы ойға қонымды дер едім. Алайда оны жүзеге асыру тетіктерін әлі де жетілдіру қажет. Мәселен, барлық әлеуметтік топтардың мүдделері ашық талқыланатын қоғамдық алаңдарды қалыптастыру және оған қолжетімділікті қамтамасыз ету керек.
Ал енді экономикаға тоқталайық. Мемлекет басшысы жаңа саяси реформалар пакетін осы жылдың қыркүйегінде ұсынады. Алайда экономикалық институттар реформалар туралы нақты ештеңе айтпады. «Экономиканы әртараптандыру – күрделі міндет. Әртараптандыру болмаса, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттырып, тұрақты жұмыс орындарын ашу мүмкін емес», деді Президент. Ашық бәсекелестік жағдайында «дұрыс» нарықтық процестерді қалыптастыру керек (экономиканы күрделендіру), бұл – нарықтық реформалардың негізі.
Президент Парламент Мәжілісінің отырысында нақты тапсырмалар бергенімен, мәселелерді шешу жолдары ұсынылмады. Яғни 2009 жылдан бері жалғасып келе жатқан тенденция – бюджет жыртығын Ұлттық қор есебінен жабуға жол бермеу, инфляцияны бір деңгейде ұстап тұру, тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз ету.
Халықты ең алдымен әлеуметтік саланың әлеуеті толғандырады. Бұл салаға келетін болсақ, «Қазақстан жастары» талдамалық баяндамасында «Жастар арасында қаржылық міндеттемелер деңгейі өте жоғары, кедейліктің тұрақты тұзағы қалыптасып үлгерді. Бұл ретте экономикалық белсенді адамдар тұрғын үй сатып алу, бизнесті дамыту немесе білім берумен байланысты емес ағымдағы (келешегі жоқ) шығыстарды өтеу үшін қарыз, несие алуға және қаржылық міндеттемелер жүктеуге мәжбүр» екендігін көрсетті. Сондықтан халық табысын арттырып, кедейлікті төмендететін нақты шаралар қабылдануы қажет. Бұған қоса Мемлекет басшысы мемлекеттің әлеуметтік саясатын жаңа шындыққа бейімдеу жолдары қарастырылатын «Әлеуметтік кодекстің» қабылдануы қажет екенін айтты. Менің ойымша, «Әлеуметтік кодекс» қоғамның барлық саласын қамтитын жүйелі шараларды қарастыруы керек.
Алмаш ТЛЕСПАЕВА,
әлеуметтанушы
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар