Теннис • 20 Қаңтар, 2022

Australian Open турнирі: Елена Рыбакина үшінші айналымға шыға алмады

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның бірінші, әлемнің 12-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына өте алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Australian Open турнирі: Елена Рыбакина үшінші айналымға шыға алмады

Жарыстың 12-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 74-орында тұрған қытайлық Чжан Шуаймен кортқа шықты.

Бірінші партияда есеп 4:4 болған мезетте қытайлық спортшы брейк жасап кетті – 6:4. Ч.Шуай екінші сетті брейкпен бастады. Бұдан кейін Елена медициналық көмекке жүгініп, сәлден соң матчты жалғастырудан бас тартты.

Осылайша Аустралия ашық чемпионатында жекелей сында Қазақстаннан ешкім қалмады. Қытайлық теннисші үшінші айналымда әлемнің 26-ракеткасы, бельгиялық Элиза Мертенспен күш сынасады. Ол екінші кездесуінде румыниялық Ирина Бегуді 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірді.