Аймақтар • 20 Қаңтар, 2022

Көлігі өртенген алматылықтардың шығыны өтеле ме?

1081 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласындағы жаппай тәртіпсіздік кезінде көлігі қирағанын нақты дәлелдей білген жүргізушілерге келген шығынды өтеу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Көлігі өртенген алматылықтардың шығыны өтеле ме?

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров осы мәселеге қатысты сауалға жауап берді.

«Тұрғындардың тікелей жеке мүлкіне келетін болсақ, бұл мәселелерді пысықтаймыз. Көп жеке автокөлік зардап шеккені түсінікті, жай зақымданғаны, өртеніп кеткендері бар. Мәселені қарастырып жатырмыз, зардап шеккен халық мүмкін полицияға арыз беруі керек шығар. Егер олардың көлігі қаңтар оқиғасы кезінде бүлінгені расталса, оны өтеу мәселесін қарастырамыз», деді әкім орынбасары.

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15