Елорда • 20 Қаңтар, 2022

Елордада жылдық жәрмеңке жұмысын қайта бастайды

4998 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада жыл бойы өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесі 21 қаңтардан бастап жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада жылдық жәрмеңке жұмысын қайта бастайды

Жәрмеңкеде жергілікті тауарлар, сондай-ақ көрші облыстардың ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылады. Мұндағы бағалар нарықпен салыстырғанда 10-20%-ға арзан.

Естеріңізге салайық, жәрмеңкеге қатысуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлер 8 7172 61 35 54 нөміріне хабарласу қажет.

Жәрмеңкенің мекенжайы: «Пригородный» елді мекені, Арнасай көшесі, 109.

Жәрмеңке күн сайын 10:00 - 19:00 аралығында жұмыс істейді.