Оқиға • 20 Қаңтар, 2022

Жезқазғанда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жезқазған әкімдігі маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде 50 жастағы жүргізуші адам қағып өлтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жезқазғанда жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті

Оқиға 19 қаңтарда кешке болған. Куәгерлердің айтуынша, құқық бұзушы қылмыс орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен ер адам алған жарақаттарынан қайтыс болды. Ақпаратты Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі растады.

«Бұл жол апаты 19 қаңтарда сағат 19.05-те болды. 50 жастағы Mitsubishi Delica жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Алашахан көшесімен жүріп келе жатып, жаяу жүргіншілер өткелінде ол 60 жастағы ер адамды қағып кеткен. Артынша оқиға орнынан ізін суытқан. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды», деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі өкілі жүргізілген іс-шаралардың арқасында күдікті анықталып, ұсталғанын айтты. Оқиға полицияда тіркелген. Бұл іс бойынша сараптамалар тағайындалған, нәтижелері бойынша шешім қабылданатыны айтылды.