Оқиға • 20 Қаңтар, 2022

18 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды

569 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда 18 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

18 жыл бойы іздеуде жүрген азамат ұсталды

Бұл туралы Polisia.kz сайты мәлім етті.

Сайт мәліметінше, Қазақстанның 59 жастағы азаматы 2003 жылы шілдеде Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өтті деген күдікке ілінген.

«Сол кезде ер адамды Ресей Федерациясының ФСБ қызметкерлері ұстаған, Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 322-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды, ер адамнан «ешқайда кетпеу туралы қолхат» алынған. Алайда сол кезде 40 жаста болған ер адам Қазақстанға кетіп қалған. Осы жылдар ішінде іздестіріліп жатқан қылмыскер Павлодар қаласында тұрған», деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ер адам мемлекетаралық іздеуде жүргені туралы ақпаратты Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары берген.