«Алдын ала зерделеу әуелгі кезеңде қандай да бір әскер түрлері мен тектерінде әскери қызмет өткеруге әзір жастардың сапалық құрамын анықтауға мүмкіндік тудырады. Бір күнде шамамен 800-900 әскерге шақырылушы келеді. Әскерге шақыру жасындағы барлығы 90 мыңнан астам жасөспірім зерделенеді», дейді Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары Аян Еслямов.
Қысқасы, биыл көктемде шамамен 17 000 азамат әскерге шақырылады. Олардың 6 500-ден астамы Қарулы Күштердің бөлімдері мен бөлімшелерінде қызмет ететін болады.