Коронавирус • 21 Қаңтар, 2022

«Омикрон» жастар арасында тез тарайды

174 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Алматыда 6 қаңтар­да коронавирустың «Омик­рон» штамы табылғанынан бас­ы­­мен қайғы болып жүр­ген жұрт хабарсыз қалды. Мы­салы, қалалық қоғам­дық ден­саулық басқар­ма­сы 31 жел­тоқ­санда 75 адамнан індет та­былғанын хабарласа, бұл көрсеткіш жаңа жылдан кейін, яғни 12 қаңтарда – 210, ал 13 қаңтарда 1 205 адамға жетті.

«Омикрон» жастар арасында тез тарайды

Соңғы мәліметтерге сүйен­сек, 19 қаңтарда 2 025 адамның індет жұқтырғаны анықталды. Соңғы тәулік­те 131 алматылық емделіп шық­са, орнына 241 адам ау­руханаға түсті. Инфек­ция­­лық стационарларда 2 380 төсектік орын бар, онда жатқан 1 244 науқастың ішінде 179 бала емделіп жатыр. Жалпы, жансақтау және қарқынды терапия бөлімшелерінде 71 пациент бар. Бұған қоса БМСК мен Телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында 8 455 науқас болса, олардың ішінде жеңіл және орташа ауыр дәре­жесінде 8 008, симптом­сыз 447 науқас тіркелген.

Өткен аптада Алма­тының жаңа бас санитары Қарлығаш Әбдіжаббарова «Омикрон» штамы халық арасында көп таралатыны және жақын арада «Дельтаны» ығыстыратыны туралы өз болжамын жасап, коронавирустың кезекті толқыны наурыз айында шарықтайтынын айтқан еді.

Қалалық санитариялық-эпидемиологиялық ба­­қылау департаменті ко­ро­­­­­на­­вирусқа қатысты дерек­­­терді талдай келе, сына­­малардың 71%-ында «Дель­­та» нұсқасы, тағы 16%-ында «Дельта плюс» және 4,7%-ында басқа штамдар табылғанын, сондай-ақ 6 қаңтардағы толық геномдық секвенирлеу нәтижелері бойынша қалада алынған 7 сынамада «Омикрон» анықталғанын мәлімдеді.

Алматының бас санитары коронавирустың жаңа штамдары мегаполис тұрғындары вакциналанып, бустерлік екпелерді алғанға дейін пайда болды, деп есептейді. Қалада әлі де КВИ-ға қарсы иммундық қабат жеткіліксіз.

«Әлемнің жетекші ға­лымдары мен сарапшы­ларының деректеріне көз салсақ, қолданыстағы вак­­­циналармен ревакцина­лау «Омикрон» штамы сал­­да­рынан 70%-ға қор­ғайды. Сондықтан вак­ци­на алғанына 6 ай өт­кен көп­шілікті қай­та вак­циналауға шақыра­мын. Бұл кезеңде қала тұрғындарына шектеу шараларының талап­та­рын қатаң сақтау, қоғам­дық орындарда әлеумет­тік қашықтық пен мас­ка тағу режімін сақ­тау өте маңызды», деді Қ.Әбді­жаб­барова.

Сондай-ақ ол 20-30 жас аралығындағылар үшін «Оми­­­к­­рон­ның» қауіпті еке­­­­­нін ескертті. Өйткені ви­­рус­­т­ың жаңа түрі осы жас­тағыларға ерекше әсер ететін көрінеді. Қа­рап отыр­сақ, тек өткен апта­да коронавирус жұқтыр­ғандардың үлесі 20 жастан 40 жасқа дейінгі адамдар арасында 16,4%-ға, жасөспірімдер арасында 1,1%-ға күрт өсті. Бұл «Омикрон» штамына да тән.

Алматыда індетке қар­сы егу басталғалы бері бірін­ші компонентпен 1 092 822 адам, екінші компонентпен 1 040 794 адам вакциналанды. Вакцина алғандардың ішінде 60 жастан асқан адам­дар саны – 123 697.

Бүгінгі таңда Pfizer ком­паниясының екпесін 35 158 адам, оның ішінде 1 913 жүкті әйел, 7 392 сәбиі бар ана мен 25 853 бала салдырды. 98 762 қала тұрғыны ревакциналаудан өтті.

Қазір қаланың медици­налық ұйымдарында 119 вак­циналау пункті жұмыс іс­тейді. Бұдан бөлек 140 вак­­­циналау бригадасында 522 медицина қызметкері жұмылдырылған.

 

АЛМАТЫ