Қазақстан • 21 Қаңтар, 2022

Жаппай тәртіпсіздік кезінде 64 мыңнан аса адам елден кеткен

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі өкілі мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы 4-12 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы барлық өткізу пункті штаттық режимде жұмыс істеген, 64 048 Қазақстан азаматы елден кеткен.

«Тәртіпсіздіктерге байланысты 2022 жылы 6-12 қаңтар аралығында Алматы қаласының әуежайынан халықаралық рейстер орындалмады. Құрлықтағы өткізу пункттері арқылы өткізу Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия бекіткен карантин шектеулері кезеңінде шекарадан өту тәртібінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады, делінген хабарламада.