Мемлекет басшысы инвестициялық саясатты ретке келтірудің маңызы зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ ол білім саласындағы жұмыстарды ширату керектігін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Үкімет инвестициялық міндеттеменің орындалуына зерделеу жүргізуі шарт. Дәл қазір шетелдік инвестициялар үшін күрес шиеленіскен кезде біз ішкі резервтерге барынша көбірек арқа сүйегеніміз абзал. Мұнда әрине, отандық компаниялардың қаражаты туралы айтылып отыр. Егер сіздер өз болашақтарыңызды Қазақстанмен байланыстырсаңыздар, онда қаражаттарыңызды біздің елге қайта инвестициялау керек. Сіздердің Қазақстан алдындағы әлеуметтік және саяси жауапкершіліктеріңіз осы. Іс жүзінде «Елде табыс табамыз – оны шетелде жұмсаймыз» деген қағидаттың болуына бұдан былай еш құқық жоқ», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент негізгі жұмыс екі бағыт бойынша іске асатынын тіліне тиек етті. «Жұмыс екі бағыт бойынша жүргізілетін болады. Елге капиталды қайтару мен капиталды қайтаруды ынталандыру, сондай-ақ офшорға қаржы шығаруға тосқауыл қою», деді Қасым - Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ Президент мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті қайта ретке келтірудің маңыздылығын атап өтті.
«Елге инвестиция тартудың тағы бір бағыты мемлекеттік-жекешелік серіктестікті қайта ретке келтіру болуы тиіс. Бүгінде бұл құрал шын мәнінде мемлекеттік сатып алулар процедурасын айналып өтудің құралына айналған. Бюджетке барлық кәсіпкерлік тәуекел аударылады. Жоғары жеңілдіктер мен жоғары шектеулер негізсіз ұсынылады», деп атап өтті Мемлекет басшысы.Сонымен қатар ол «Үкіметке мемлекеттік-жекешелік серіктестіктің жаңа заманауи тәсілдерін құру қажет», деді. Қысқасы Қасым - Жомарт Тоқаев бұл бағыттағы жұмыс жаңаша процеспен жүруі керектігін қадап айтты.
«Білім саласы туралы айтар болсақ, айналып келгенде әңгіме оның сапасына келіп тіреледі. Нарық нақты бір сала мамандарын талап етсе, ал біздің білім министрлігінің нормативтік талабы басқа. Егер қазіргі нарық сұранысы белгілі бір сала маманын талап етсе, соған сай сіздер де өзгеріп отыруларыңыз керек», деді Қасым - Жомарт Тоқаев ірі бизнес өкілдерімен кездесуінде.
Президент білім беру мен маман даярлау уақыт талабымен үндесуі қажеттігін ескертті. «Қайталап айтамын, біз стандартты білім беру форматын қайта қарауымыз керек. Сонымен қоса өскелең ұрпақтың да менталитетін өзгерткен жөн. Бұл мәселе елде болған қайғылы жағдайдан сабақ алатын жайттардың бірі», деді ол.
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар