«Менің ойымша Конор Макгрегор жаз мезгілінде сегіз бұрышқа қайта шығуға дайын болады. Алайда мен бұл пікіріме жүз пайыз сенімді емеспін. Тек қана болжап отырмын. Бәрі оның аяғындағы жарақатының жазылуына байланысты екені түсінікті. Конор маған қоңырау шалып, өзінің дайын екенін, жаттығуға кіріскенін айтса, онда оның оралуы туралы нақты әңгіме өрбітуге болады. Әзірге ертерек», деді ол ESPN MMA в YouTube арнасына берген сұхбатында.
Естеріңізге сала кетейік, америкалық Дастин Порьеге қарсы өткізген соңғы шайқасында Конор Макгрегор аяғын сындырып алған болатын.