Үкімет • 21 Қаңтар, 2022

Үкімет елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін жедел шараларды іске асыруда

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің Үкімет алдына қойған барлық тапсырмасы орындалатынды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Үкімет елдегі жағдайды тұрақтандыру үшін жедел шараларды іске асыруда

«Жақында орын алған оқиғалар аясында Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру үшін жедел шараларды іске асыруда. Біздің міндетіміз – зардап шеккен бизнес субъектілерінің жұмысын тез арада қалпына келтіру. Осыған байланысты, біз осы жұмысқа ірі бизнесті қатысуға шақырамыз», деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысы қазіргі кезде ағымдағы жоспарлар қайта қаралып жатқанын атап өтті.

«Сондай-ақ Президент тапсырмаларын ескере отырып, өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған қажетті шараларды қамтитын 2022 жылға арналған Үкіметтің іс-қимыл бағдарламасы әзірленуде», деді ол.

Әлихан Смайылов Президенттің Үкімет алдына қойған барлық тапсырмасы орындалатындығын да баса айтты.

«Біз еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін бизнеспен бірлесіп белсенді жұмыс жасаймыз», деді Премьер-Министр.