Аймақтар • 21 Қаңтар, 2022

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері апта сайын өтеді

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

22 қаңтардан бастап апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) сенбі-жексенбі күндері азық-түлік жәрмеңкелері өтеді. Бұл туралы брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда ауылшаруашылық жәрмеңкелері апта сайын өтеді

Қала бойынша азық-түлік тауарларының тапшылығы байқалмайды.

«Ертеңнен бастап апта сайын Алматы қаласының 5 ауданында (Алмалы, Медеу, Бостандық, Алатау, Әуезов) демалыс күнгі азық-түлік жәрмеңкелері қайта басталады. Оған Алматы облысының жақын аудандарынан ауылшаруашылық тауарын өндірушілер, сондай-ақ Алматы қаласының азық-түлік кәсіпорындары қатысады», дейді Мақсат Қиқымов.

Мақсат Қиқымовтың айтуынша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша шаралар қабылдау қала әкімдігі жұмысының басым бағыттарының бірі.

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ) тауарларының бағасын ұстап тұру үшін бірқатар жүйелі және жедел шаралар қабылданады. Қаланың сауда нүктелеріне төмендетілген бағамен тікелей жеткізу үшін ӘМАТ өндірушілерімен 19 меморандум жасалды», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

«Спартак» тағы да жеңілді

Спорт • Бүгін, 11:55