Теннис • 23 Қаңтар, 2022

Қазақстандық теннисші Минскте өткен турнирде топ жарды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дамир Жалғасбай Минск қаласында 14 жасқа дейінгілер арасында екінші санаттағы Tennis Europe турнирінде сәтті өнер көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші Минскте өткен турнирде топ жарды

Дамир әуелі белоруссиялық Станислав Балибенкомен бірге жұптық сын финалында Владимир Кадобин (Беларусь) мен Артем Лазаревті (Ресей) 6:0, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, чемпиондық тұғырға көтерілді.

Ал жекелей сында соңғы бәсекеде ғана ресейлік Алексей Фроловқа есе жіберді – 4:6, 1:6.