Оқиға • 23 Қаңтар, 2022

Атырауда қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

735 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда әйелге қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz.

Атырауда қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды

20 қаңтар күні сағат 22:18 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының «102» арнасына 36 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны қоңырау шалып, Атырау қаласында орналасқан көпқабатты үйлердің біріндегі уақытша тұрып жатқан мекенжайына сағат 21:40 шамасында белгісіз екі ер адамның заңсыз кіріп, асхана пышағымен және қаруға ұқсас затпен қорқытып, ұрып-соғып, ұялы телефондарын, смарт қол сағатын, екі алтын сырғасын, 40 мың теңге ақшасын тартып алғанын хабарлаған.

Сондай-ақ зардап шегуші 1,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын телефондағы Kaspi қосымшасы арқылы басқа есепшотқа аудартып алғандығын айтты. Оқиға орнына дереу жеткен криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері мен Батыс-18 қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде 26 және 24 жастағы екі күдікті ұсталды. Олардан жоғарыда аталған заттар мен қомақты қаржы тәркіленді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 192-бабының 3-бөлігімен (Қарақшылық) қылмыстық іс тіркеліп, екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.