5 ақпанға жоспарланған UFC кешінде жерлесіміз Гайана өкілі Карлстон Харриспен күш сынасады. Әуелгі жоспар бойынша бұл жекпе-жек негізгі айқастың алдында өтетін тізімде еді. Кейіннен ұйымдастырушылар Рахмонов-Харрис кездесуін бір саты жоғарылатып, негізгі жекпе-жектердің тізіміне қосты. Бұл – Шавкат Рахмонов үшін UFC-дегі үшінші, ал мэйнкардындағы дебют жекпе-жегі болмақ.
Айта кетейік, UFC-де 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан жерлесіміз бүгінге дейін екі кездесу өткізіп, екі ретінде де қарсыластарынан басым түсті.