Спорт • 24 Қаңтар, 2022

Шавкат Рах­монов Лас-Вегаста жұдырықтасады

1456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек әлеміндегі ең бел­ді ұйым – UFC-де күш сынасып жүрген қазақ­стандық файтер Шавкат Рах­монов Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night 200 турнирінің басты жекпе-жегі­нің бірінде жұдырықтасатын болды.

Шавкат Рах­монов Лас-Вегаста жұдырықтасады

5 ақпанға жоспарланған UFC кешінде жерлесіміз Гайана өкілі Карлстон Харриспен күш сынасады. Әуелгі жоспар бойынша бұл жекпе-жек негізгі айқастың алдында өтетін тізімде еді. Кейіннен ұйымдастырушылар Рахмонов-Харрис кездесуін бір саты жоғарылатып, негізгі жекпе-жектердің тізіміне қосты. Бұл – Шавкат Рахмонов үшін UFC-дегі үшінші, ал мэйнкардындағы дебют жекпе-жегі болмақ.

Айта кетейік, UFC-де 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан жерлесіміз бүгінге дейін екі кездесу өткізіп, екі ретінде де қарсыластарынан басым түсті.

Соңғы жаңалықтар

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58

Шоттың да сұрауы бар

Экономика • Бүгін, 08:50

Аққу әйгілеген ақиқат

Әдебиет • Бүгін, 08:35