Әлем • 24 Қаңтар, 2022

Президенттің отбасы шетелге кетіп қалған

4411 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Буркин-Фасо Президенті Рок Марк Каборенің отбасы әскерилердің көтерілісі кезінде елден шығып кеткен деп хабарлайды Egemen.kz Риа новостиге сілтеме жасап.

Президенттің отбасы шетелге кетіп қалған

Біршама уақыт бұрын әскерилер президенттің отставкаға кетуін талап еткені туралы  ақпарат тараған болатын.

Деректерге сенсек, Президенттің өзі арнайы күштердің қорғауында көрінеді. Куәгерлер Ассошиэйтед Пресс агенттігіне ел астанасы Уагадугудағы Президенттің резиденциясында жексенбі күні кешке атыс дыбыстары естіліп, аспанда тікұшақтар ұшқанын айтты.

Бұған дейін Президент Жарлығымен бүкіл ел бойынша коменданттық сағат енгізген болатын. Кейінірек Буркина-Фасо Білім министрлігі дүйсенбіде және сейсенбіде елдегі мектептер қауіпті жағдайға байланысты жабылатынын хабарлады. Батыс Африка мемлекеттерінің экономикалық қауымдастығы (ECOWAS) әскерилерді «республикалық позицияны» сақтауға және билікпен диалогты қолдауға шақырды.

Бұған дейін RFI радиостанциясы жексенбі күні таңертең Буркина-Фасо астанасындағы екі әскери лагерьде оқ атылғанын хабарлаған. Жергілікті БАҚ Кай қаласындағы атыс туралы ақпарат таратты. Үкімет елордада атыс болғанын растады, бірақ әскердің билікті басып алғаны туралы мәліметті жоққа шығарды.