Жекпе-жек • 24 Қаңтар, 2022

Петр Янның мәлімдемесі Генри Сехудоның ашуын келтірді

897 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы Генри Сехудо ресейлік аралас жекпе-жек шебері Петр Янның мәлімдемесіне кезекті мәрте үн қатты, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап.

Петр Янның мәлімдемесі Генри Сехудоның ашуын келтірді

Бұған дейін екі спортшы әлеуметтік желілер арқылы бірнеше мәрте сөзге келіп қалған болатын. Ең соңғы болып жазба қалдырған Петр Ян Генри Сехудоға бапкерлік қызметті тастап, жалпы спорттан аулақ жүруге кеңес берген еді. Өз кезегінде Сехудоның жауабы көп күттірген жоқ.

«Ян, сен менің оралғанымды қаламайтыныңды білемін. Өйткені мен аралас жекпе-жек әлеміне қайта оралсам, сені оңай жеңемін. Сондықтан да сен менің оралғаныма қарсысың. Сен мен үшін оңай олжасың», деп жазды Сехудо твиттерде.  

Естеріңізге сала кетейік, америкалық Генри Сехудо кәсіби мансабын аяқтаған соң жақында ғана бразилиялық Дейвисон Фигейредудың бапкері ретінде көзге түскен болатын.