
«Екінші орта салмақ дәрежесіндегі ең қауіпті боксшы Давид Бенавидес екенін баршамыз жақсы білеміз. Ол осы салмақта екі мәрте әлем чемпионы атағына қол жеткізгені де мәлім. Алайда «Канелоның» бапкері Альварес-Бенавидес арасында жекпе-жек өткізу туралы сауал қозғалса, жауаптан жалтара береді. Ол «Бенавидес Саульге қарсы шайқасқа шығатындай түк бітірген жоқ» дегеннен аспайды. Давид екінші орта салмақта екі рет өзінің үздік екенін дәлелдеді ғой. Одан артық қандай дәлел керек», дейді сарапшы Рейносоның шәкірті Бенавидестен қаймығатынын тұспалдап.