Аймақтар • 24 Қаңтар, 2022

Павлодарда мектеп оқушылары балконға оқ атқан

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аталмыш фактіге қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодарда мектеп оқушылары балконға оқ атқан

23 қаңтар күні сағат 17:47-де 34 жастағы қала тұрғыны полицияға қоңырау шалып, белгісіз біреулер үйінің терезелеріне оқ атқанын айтқан. Шақыру бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жеткен. Тексеру барысында екі оқ атылғаны және салдарынан Бұқар жырау көшесіндегі үйдің үшінші қабатында орналасқан балконның әйнегі зақымдалғаны анықталды.

Полиция қызметкерлері 13-15 жас аралығындағы 7 кәмелетке толмаған баланы ұстады. Олар Павлодар қаласының № 6, 16, 29 және 34 мектептерінің оқушылары болып шықты. 

-  23 қаңтарда жасөспірімдер досына компьютерлік ойындар ойнауға жиналған. Олардың бірі өзімен бірге досынан алған тапаншаға ұқсас затты алып келген. Қызығушылық үшін балалар балконға шығып,  кезекпен оқ атқан.  Бұл оқтың бірі полицияға жүгінген ер адамның пәтер иесінің балконының терезесіне тиген, - делінген хабарламада.


Қару тәркіленіп, сараптама тағайындалды. Соның нәтижелері бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты іс жүргізу шешімі қабылданады.