Куәгерлердің айтуынша, 24 қаңтар күні таңертең Буркина-Фасо президентінің Уагадугу қаласындағы резиденциясының маңында атыс дыбыстары естілген.
Естеріңізде болса, 23 қаңтарда Уагадугу қаласындағы екі әскери казармада атыс болғаны жайлы хабарлағанбыз.
Осыдан кейін бұқаралық ақпарат құралдарында көтеріліс болды деген мәлімдемелер пайда болды. Бірақ үкімет билікті қарулы басып алу әрекетін жоққа шығарған еді.
Буркина-Фасоның Қарулы күштер министрі Бартелеми Симпора жағдайдың бақылауда екенін айтты.
Билік өкілдерінің айтуынша, сарбаздар мемлекеттік төңкеріс жасау мақсатымен емес, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп көтеріліске шыққан.
Осыған байланысты ел бойынша мобильді интернет ажыратылды.
Артынша бір топ азамат көшеге шығып, үкіметтің «Прогресс халықтық қозғалысы» партиясының кеңсесіне шабуыл жасады.
Шабуылдан кейін ел бойынша сағат 20:00-ден 05:30-ға дейін коменданттық сағат жарияланды.
Буркина-Фасодағы оқу орындарында сабақ екі күнге тоқтатылды.