Жекпе-жек • 24 Қаңтар, 2022

Махачевқа нағыз қысым көрсететін адам менмін – Бенеил Дариуш

575 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек шебері, жеңіл салмақта сынға түсіп жүрген Бенеил Дариуш өзінің кезекті қарсыласы, ресейлік шебер Ислам Махачев туралы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz championat.com-ға сілтеме жасап. 

Махачевқа нағыз қысым көрсететін адам менмін – Бенеил Дариуш

«Турасын айтсақ, оған шын мәнінде қатты қысым көрсеткен ешқандай спортшыны көрген жоқпын. Оның бұрынғы қарсыластары жекпе-жекке жан-жақты дайын болмағаны анық деген ойдамын. Сондықтан олар Исламға лайықты қарсылас бола алмады. Онымен тік тұрып төбелессең, сені жерге алып ұрады. Ислам күрестің қыр-сырын мықтап меңгерген. Сондықтан джиу-джитсу тәсілдері де өтпейді. Ал мен шайқасқа барлық жағынан әзірмін. Сол себепті Ислам Махачевке шын мәніндегі қысымды көрсететін жалғыз спортшы болса, ол – менмін», дейді Дариуш.