Коронавирус • 24 Қаңтар, 2022

Кәсіпкерлер үшін карантин талаптары жеңілдеді

266 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кәсіпкерлер үшін карантин талаптары жеңілдеді

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - пандемия кезеңінде бизнестің қызметін қамтамасыз ету үшін шектеу шараларын қайта қарау туралы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Мемлекет басшысының берген тапсырмасын орындау бойынша шараларды әзірлеу болды.

Талқылау қорытындысы бойынша ВАК Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған бизнес субъектілері қызметінің шектеулерін азайту жөніндегі шараларды қолдады. Атап айтқанда, қызметкерлер мен келушілердің «жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін объектілер үшін эпидемиологиялық тәуекелдің барлық аймақтарында (жасыл, сары, қызыл) карантиндік шектеулерді жеңілдету туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ «көк» мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін бизнес объектілері үшін эпидемиологиялық қатер аймағына байланысты карантиндік шектеулерді әлсірету мәселесі қаралды.

Жасыл аймақта-шектеусіз, сары, қызыл аймақтарда карантиндік шектеулерді толымдылықты арттыру бойынша жеңілдету және жұмыс режимі бойынша шектеулерді алып тастау бағытары қаралды. Вице-Премьер карантиндік шектеулерді алып тастау кәсіпкерлер тарапынан санитариялық талаптарды мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз ету бойынша жауапты қадамдарды талап ететінін атап өтті.

Премьер-Министрдің орынбасары COVID-19 инфекциясының өте жұқпалы нұсқасы болып табылатын «омикрон» штамының тез таралуына байланысты қазіргі қиын жағдайда ВАК эпидемиологиялық жағдайды түзету үшін барлық ресурстарды жұмылдыруды ұсынғанын және басты басымдық халықты вакцинациялау және ревакцинациялау екенін атап өтті.

Кеңес соңында Ералы Тоғжанов әкімдіктерге вакциналау қарқынын күшейтуді тапсырды, ол үшін мамлюке вакциналардың жеткілікті санын бөлді.

Сонымен қатар жергілікті жерлерде Үкімет қабылдайтын іс-шаралардың орындалуын бақылауға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.