Технология • 25 Қаңтар, 2022

Өндірісте таңбалау процесін роботтандырған ұтымды

276 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Қазақтелеком» АҚ «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» мен Satbayev University қазақ­стандық техникалық университеті басшылығының кездесуі кезінде таңбаланған өнім өндірушілердің өндірістік процестерін автоматтандыру технологияларын дамыту перспективалары талқыланды.

Өндірісте таңбалау процесін роботтандырған ұтымды

Елімізде ЕАЭО елдерінің келісімі аясында тауарларды міндетті цифр­лы таңбалауды енгізу бойынша жоба іске асырылып жатқаны белгілі. «Қазақ­телеком» АҚ Қазақстанда таңбалаудың бірың­ғай операторы болып саналады. Екі өлшемді Data Matrix кодын өнім­нің қаптамасына қолдану белгілі бір жағдайларда өндіріс желісін техникалық жаңартуды қамтиды. Экономиканың түрлі секторлары үшін ақпараттық технологиялар саласында да, машина жасау және роботтехника саласында да мамандардың кең спектрін дайындайтын Satbayev University автоматика және ақпараттық технологиялар институтының мүмкіндіктері университет базасында мамандандырылған R&D зертханаларын құруға мүмкіндік береді. Олар таңбалау кодтарын орна­ту процестерін автоматтандыру үшін технологияларды және тіпті кешен­ді шешімдерді әзірлеуге, сондай-ақ өнім­дерді желіде агрегаттау және робот­тандыруға белсенді қатыса алады.

«Мемлекет басшысы ғылым мен биз­нестің өзара іс-қимылының маңыз­ды­лығы туралы бірнеше рет айтқан болатын, бұл инновацияларды ен­гізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүм­кіндік береді. Қазіргі уақытта нарықта тауарлардың таңбалануын қамта­масыз ететін дайын жабдықтар мен ақ­параттық жүйелер бар. Алайда тәжіри­бе көрсеткендей, барлық параметрлер бойынша бірдей екі өндірістік желі жоқ, сондықтан дайын шешімдерді де бейімдеу қажет, ал егер таңбалау про­цестерін ғана емес, жалпы өндіріс тиімділігін едәуір арттыратын роботтандыру сияқты технологиялар туралы айтатын болсақ, онда мұнда жұмыс өте көп деп айтуға болады. Біз Беларусьтегі әріптестеріміздің тәжірибесімен таныс­тық, онда техникалық университет­тер кәсіпорындарға таңбаланған өнімді өндіру процестерін тиімді автомат­тан­ды­руға және роботтандыруға белсенді түрде көмектеседі» деп атап өтті Цифрлық экономиканы дамыту орталығының бас директоры Бикеш Құрманғалиева.

Өз кезегінде, бірыңғай оператор инс­титут қызметкерлерін таңбалаудың бар­лық процестері бойынша оқыту жә­не ақпараттандыру бойынша көмек көрсетуге, ерекшелікті ескере отырып, бар­лық тауар топтары бойынша жобаларды іске асыру үшін міндеттерді қоюға көмектесуге дайын.

Satbayev University ректоры Мей­рам Бегентаев жұмыс істеп тұрған зерт­ханалар базасында өндірістерде автоматтандырылған технологияларды дамыту бойынша мәселені белсенді пысықтауға және қажет болған жағдайда жаңаларын құруға дайындығын білдірді. Кездесуде ол әріптестеріне олардың тәжірибесімен егжей-тегжейлі танысу және ынтымақтастық жолдарын дамыту үшін Брест техникалық университетіне баруды тапсырды.

Автоматика және ақпараттық технологиялар институтының басшысы Раиса Өскенбаева Цифрлық экономиканы дамыту орталығының қызметкерлерін қол­даныстағы зертханалармен және ағым­дағы R&D жобаларымен таныстыр­ды.

«Біз таңбалаудың бірыңғай операторы ретінде университеттерді таңбалау жобаларына тартуға үлкен үміт артамыз. Себебі таңбалау жобасы таңбаланған та­уарларды отандық өндірушілердің, буып-түю өндіретін кәсіпорындардың, сондай-ақ логистикалық компаниялардың өн­дірістік процестерін цифрландыруға нақ­ты серпін береді», деп түйіндеді Бикеш Құрманғалиева.