Қоғам • 25 Қаңтар, 2022

«Балалар – кітап әлемінде»

3238 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өскемендегі кітап­ханалар өңір зия­лы­ларының басын қо­сып, рухани шаралар жиі өтеді. Жуықта об­лыстық Балалар және жасөспірімдер кітап­хана­сында «Балалар – кітап әлемінде» атты қызықты көрме ашылды.

«Балалар – кітап әлемінде»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялағаны белгілі. Соған орай Балалар және жас­өспі­рімдер кітап­ханасы биыл жаңа жобаларды қолға алды. Жүздеген жобалардың бірі «Балалар – кітап әлемінде» атты кітап көрмесінің ашылуы еді.

Көрмеге балаларға ар­нал­ған классик жазушы­лар­дың туындылары, халық ауыз әде­биетінің озық үлгілері, балалар энциклопедия­сы және бүлдіршіндерге а­рналған ертегі кітаптар қойылды. Сондай-ақ қы­зықты оқиғаларды баян­дайтын әртүрлі бағыттағы кітаптардан тұратын «Әдеби сан­дық» өз оқырмандарына ерекше көңіл күй сыйлады. Оқу­шылар осы көрмені жыл көлемінде тамашалап, өздерін қызықтырған кітаптарын алып оқи алады.

– Кітапханамыздың кіш­кентай оқыр­мандары үшін өздері суретін салған, «Книж­ки-малышки» серия­сымен шық­қан кітап­ша­лар да көрме сөрелерінен орын алады. Бұл біздің бола­шақ суретшілеріміз бен жа­­зу­шыларымыздың ал­ғаш­­қы туын­­ды­ларының бірі десек те болады. Бұ­дан бөлек жа­зушы, журналист Ма­рат Қа­банбаевтың «Жи­һанкез Ти­ти» әң­гі­месін оқыр­ман­дардың сұранысы бойын­ша балалар жазушысы, ұстаз Бану Ахмет­бекова орыс тіліне аударды. Бұл кітап «ВКПК АРГО» бас­пасынан басылып шы­ғып, өз оқырмандарына жол тартты, – деп көрмемен таныстырды кітапхана қызметкері Талант Мейрамбаев.

Кітап көрмесінің ашылуында Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төр­ағасы, жазушы Әлібек Қаң­тарбаев жас оқырмандарды атаулы жылмен құттықтап, жү­рекжарды тілегін жолдады.

– Адам баласының ең жа­қыны да, ең жақсы көретіні де – бала. Тіпті өмірдің сәні мен мәні де осы балада. Қазақта «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар», «Бала – адам­ның бауыр еті» дегендей мақал-мәтелдер өте көп. Адам болып дүниеге келген соң, мейлі еркек, мейлі әйел болсын, меніңше бір ғана мұратпен өмір сүретін шы­ғар, ол – өмірге ұрпақ әкелу, артыңа ұрпақ қалдыру. Жалпы, Прези­дентіміздің осы жылды «Балалар жылы» деп атауы тегіннен-тегін емес. Хал­қымыз «Ел болам десең, бе­сігіңді түзе» дейді. Бесік деген – мем­лекет. Соның саясаты. Соның идеоло­гиясы. Сондықтан балаға бір жылды ғана арнап, шаруа­ны бітіріп тастадық деп шіренуге болмас. Бұл тақырып – Президенттің де, Парламенттің де, әрбір ата-ананың да күн тәр­тібінде мәңгілік тұруы шарт, – деді қалам­гер.

Айта кетерлігі, кітапхана ұжы­мы ұйым­дастыратын ша­ралардың көбі жастарды кітап оқуға тарту мақсатында атқа­рылады. Нәтиже жоқ емес. Күн сайын оқырмандар са­ны­ның артып келе жатқаны қуантады.

 

ӨСКЕМЕН