Енді олар өз мамандығы бойынша Ресей мен Беларусь елдеріндегі іргелі жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтеді.
Университеттегі Сынау орталығының ғылыми қызметкері, ауыл шаруашылығы ғылымдарының магистрі Айнұр Харжау «Болашақ» халықаралық стипендиясының грантын иеленді. Жас ғалым енді осы гранттық қолдаудың көмегімен К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша 6 ай көлемінде ғылыми тағылымдамадан өтеді.
Халықаралық стипендияның грантына ие болған тағы бір ғалым – Индустриалды-технологиялық институты доцентінің міндетін атқарушы, PhD доктор Ербол Ербаев. Ербол Төлегенұлы Беларусь мемлекеттік аграрлық-техникалық университетінде «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету» мамандығы бойынша 6 ай тағылымдамадан өтіп, тәжірибесін толықтырмақ.
Батыс Қазақстан облысы