Үкімет • 25 Қаңтар, 2022

Батыс өңірлерін дамыту жоспары пысықталды

679 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Қазақстанның батыс өңірлерін кешенді дамытудың жоспарын таныстырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыс өңірлерін дамыту жоспары пысықталды

«Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарларының жобалары ұсынылып отыр. Президенттің тапсырмасын орындау үшін Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарын дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған жаңа кешенді жоспарлары дайындалды. Сонымен қатар Атырау және Маңғыстау облыстарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары пысықталды», деді министр.

Министр батыс өңірлерін дамытудың 4 кешенді жоспарын қаржыландырудың жалпы көлемі 15,3 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1,7 трлн теңге құрағанын атап өтті.

«Министрлік, орталық мемлекеттік органдармен, әкімдіктермен бірлесіп, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына және тұрақты жұмыс орындарын құруға тікелей және жанама мультипликативтік әсерлердің жоғары әлеуеті бар жобаларды іріктеу бойынша жұмыс жүргізді», деді ол.

Ақтөбе облысының кешенді жоспары 92 сатыны құрайды. Жоспарды іске асырудың жалпы сомасы 1,7 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджет – 343,3 млрд теңге, жергілікті бюджет - 165,6 млрд теңге, жеке инвестициялар - 1,2 трлн теңгеге тең. Ал Батыс Қазақстан облысын дамытудың кешенді жоспары жалпы сомасы 2,6 трлн теңгені құрайтын 116 іс-шарамен толықтырылған. Оның ішінде республикалық бюджет – 416,1 млрд теңге, жергілікті бюжет – 117,8 млрд теңге, жеке инвестициялар – 2,1 трлн теңге. Атырау облысын дамытудың кешенді жоспары жалпы сомасы 8,9 трлн теңге болатын 185 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде республикалық бюджет – 535,8 млрд теңге, жергілікті бюджет – 112,6 млрд теңге, жеке инвестициялар – 8,3 трлн теңге теңге. Маңғыстау облысын дамытудың өзектілендірілген кешенді жоспары жалпы қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңгені құрайтын 226 іс-шарадан тұрады. Оның ішінде республикалық бюджет – 375,2 млрд теңге, жергілікті бюджет – 117,9 млрд теңге, жеке инвестициялар - 1,6 трлн теңге.