Тағайындау • 25 Қаңтар, 2022

Нұрболат Айдапкелов жаңа қызметке тағайындалды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұрболат Айдапкелов «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұрболат Айдапкелов жаңа қызметке тағайындалды

«2022 жылдың 24 қаңтарында Айдапкелов Нұрболат Серғалиұлы «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды», делінген холдинг хабарламасында.

«Бәйтерек» холдингінде Айдапкелов агроөнеркәсіптік кешенді қолдау және дамыту мәселелеріне жетекшілік етеді.