Коронавирус • 25 Қаңтар, 2022

Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдеді

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қарлығаш Әбдіжаббарова карантиндік тыйымның ішінара алынып тасталғаны туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда карантиндік шектеулер жеңілдеді

Қарлығаш Әбдіжаббарова «Ashyq» жобасы аясында 6-16 қаңтар аралығында қалада «қызыл» мәртебесі бар 270 және «сары» мәртебесі бар төрт адам анықталғанын атап өтті.

«2021 жылдың 9 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін 11 369 тұрғынның «қызыл» мәртебесі, 1360 тұрғынның «сары» мәртебесі расталды», деп хабарлады Бас санитарлық дәрігер Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте.

Ол осы жылдың 22 қаңтарында Алматы қаласы бойынша №2 қаулыға қол қойылғанын, онда келесі өзгерістер енгізілгенін еске салды: концерт залдарының, театрлардың, цирктердің, филармониялардың қызметіне, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, түнгі клубтар, караоке, ұжымдық діни жораларды өткізуге тыйым салынды, сондай-ақ жалпы тамақтануға келушілер санын 4 адамға дейін қысқарту және кинотеатрлардың толымдылығын 30%-ға дейін қысқарту туралы талап алынып тасталды.

«Бұл нысандардың барлығы «Ashyq» аясында «қызыл» аймақтың қолданыстағы критерийлері бойынша жұмыс істейтін болады. Мысалы, концерттер, театрлар, кинотеатрлар, қоғамдық тамақтану, түнгі клубтар, караокелерге - 50%-ға дейін 50 адамнан артық емес, көрмелерге - 70%-ға дейін 200 адамнан артық емес жиналуға болады», деп түсіндірді Қарлығаш Әбдіжаббарова.

Спикер 24 қаңтардан бастап балабақшаларға ата-аналардың өтініші бойынша штаттық форматта, жалпы білім беретін мектептерге - 600 балаға дейінгі контингенті бар 1-ден 4-сыныпқа дейін штаттық форматта, ал 600-ден астам оқушысы бар мектептерге - 50%-ға штаттық форматта жұмыс істеуге рұқсат етілгенін хабарлады.

«Сондай-ақ мектептен тыс және білім беру орталықтарының штаттық форматтағы, ЖОО мен колледждердің аралас форматтағы жұмысына рұқсат етілді. Вакцинацияланған оқушыларға мектеп әкімшілігінің қалауы бойынша офлайн режимде рұқсат етіледі», деп нақтылады спикер.