«Жүлделі орындарға ие болған олимпиадашылар мен паралимпиадашылар (1-6 орын) ақшалай сыйақы алады. Заңда жеңіп алған медальдарға сәйкес пәтер бөлу қарастырылған. Бірінші орын үшін - 250 мың доллар, одан кейін 150, 75 мың доллар. Медаль жеңіп алған жағдайда бұл қаражат ҚР Мемлекеттік резервінен төленетін болады», деді Серік Жарасбаев.
Вице-министр брифинг барысында спортшылардың Паралимпиадалық ойындарға дайындығы туралы айтып берді.
«Паралимпиадашыларға олимпиадашылар сияқты көп көңіл бөлу керек. Олимпиадашыларды шығарып салу кезінде Президенттің қабылдауында екі паралимпиадашы болды. Ол оларға сәттілік тіледі. Паралимпиада ойындарында біздің спортшыларымыз бірнеше есе аз, тек 4 адам: екеуі - шаңғы тебу және екеуі - биатлоннан. Дайындық қызу жүріп жатыр. 5-25 ақпанда спортшылар оқу-жаттығу жиынына – «Алатау» шаңғы-биатлон кешеніне барады. Паралимпиада комитетімен барлық мәселелер пысықталды. Олардың саны әлдеқайда аз болатындығын ескере отырып, олар тезірек шешіледі. Біз оларға сәттілік тілейміз», деді ол.