Қоғам • 25 Қаңтар, 2022

Елжан Біртанов халықты сот отырысына қатысуға шақырды

1 мин
оқу үшін

Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің кінәсіздігіне сенген және қолдау білдірген азаматтарға алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елжан Біртанов халықты сот отырысына қатысуға шақырды

«Заңсыз және біржақты қылмыстық тергеу барысында маған көрсеткен шынайы қолдауларыңыз үшін барлықтарыңызға өзімнің және отбасымның атынан алғысымды білдіремін.

Менің кінәсіздігіме деген сенімдеріңіз маған өте маңызды. Осы уақыт бойы адвокаттарыммен бірге кінәсіздігімізді дәлелдеуге тырыстық. Бірақ біздің барлық уәждерімізді тергеу органы, қадағалау прокурорлары және тергеу соттары елеусіз қалдырды», деп жазды Елжан Біртанов әлеуметтік желіде. 

Е. Біртанов пен оның орынбасары О. Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген еді. Осы іске байланысты ертең, 2022 жылдың 26 ​​қаңтарында сағат 14:30-да кезекті сот отырысы басталады. Бұрынғы министр бұл жолы заңды әрі әділ нәтижеге қолжеткізетініне сенімді. 

«Құрметті достар, сіздер ашық режимде өтетін барлық сот отырыстарына қатыса аласыздар. Сол кезде менің ешқандай жемқорлыққа бармағаныма көздеріңіз жетеді», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:10

Тарихы терең рухани орда

Аймақтар • Бүгін, 09:05

«Ацтека». Доп. Дүбір!..

Футбол • Бүгін, 09:00

Рыбакина орнын сақтап қалды

Теннис • Бүгін, 08:58