Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында 2022 жылғы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасының Үкіметі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне (ИИДМ) азаматтардың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаттарына жеке тұрғын үй қорынан тұрғын үйді жалдау үшін төлемдерді тағайындау және төлеу тәртібін айқындау жөнінде өкілеттіктер беретін Қаулы қабылдады. Аталған Қаулының қабылдануы ИИДМ-ге баспанаға аса мұқтаж азаматтарға қайталама тұрғын үйді жалға алғаны үшін төлем тағайындау және оны төлеу қағидаларын бекітуге мүмкіндік береді.
Тұрғын үй мәселесі елімізде қай кезде де маңызын жойған емес. Бұл ретте жалға алғаны үшін берілетін төлемдерге қатысты мәселелердің де мәнді екені мәлім. Өзекті мәселе Үкімет назарынан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше