Бүгін еліміздің бірқатар өңірлері уақытша жарықсыз қалған болатын. Мамандардың жұмыла еңбек етуі арқасында мәселе дер кезінде оңынан шешілді, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

25 қаңтар күні сағат 11:59-да (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) Орталық Азияның энергия жүйесіндегі электр энергиясын тұтынудан генерацияның айтарлықтай ауытқуына байланысты 500 кВ «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр транзиті шамадан тыс жүктелді. Электр желілерінің зақымдалуына жол бермеу және ірі жүйелік аварияны болдырмау мақсатында «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс-Оңтүстік» электр транзиті аварияға қарсы автоматиканың дұрыс жұмыс істеуі арқылы бөлінді, бұл Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтынушылардың тоқтан толық ажыратылуына жол бермеді.
Штаттан тыс жағдай орын алған кезде Қазақстанның оңтүстік аймағындағы тұтыну көлемі 3200 МВт құрады. Апатқа қарсы автоматика әрекетімен тұтынушыларды 1300 МВт көлемінде электрмен жабдықтай отырып, Жамбыл ГРЭС-і, Шымкент ЖЭО-3, Қызылорда ЖЭО-6 және Алматы облысының электр станцияларының жұмысын толық тоқтатуға жол берілмеді. Мәжбүрлі шектеулер 1900 МВт құрады. 50 Гц нормативтік жиілікте – Орталық Азияның энергия жүйесіндегі жиілік 47 Гц-ке дейін күрт төмендеді, соның салдарынан Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйелері толық өшірілді. Сағат 13:39-да Қазақстанның ұлттық электр желісінің қалыпты схемасы қалпына келтірілді. Қырғызстанның энергия жүйесімен бір уақытта жұмыс қайта жанданды. Сағат 14:53-те Алматы қаласы мен Алматы облысы бойынша барлық шектеулер алынып тасталды. Сағат 15:10-да Жамбыл 500 кВ, Шымкент 500 кВ шағын станцияларына кернеу берілді. Қазақстанның оңтүстік аймағының барлық өңірлерінің тұтынушыларын электрмен жабдықтау 16:00-де қалпына келтірілді.
Уақтылы қабылданған шаралардың арқасында энергия жүйесінің қалыпты режимі және тұтынушыларды электрмен жабдықтау қысқа мерзімде қалпына келтірілді. Өзбекстан мен Қырғызстанның энергия жүйесінде тұтынушылар тоқтан толық өшірілді. Жұмыс аясында Қазақстан тарапынан Өзбекстан Республикасындағы аварияны жоюға көмек көрсетіліп жатыр, өңірлік станциялар кезең-кезеңімен іске қосылып, электрмен жабдықтау қалпына келтірілуде.
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар