Алматыдағы оқиға салдарынан 32 жедел медициналық жәрдем көлігі зардап шекті. Жуырда «Astana Motors» ЖШС Жедел медициналық жәрдем қызметіне жаңа 6 реанимобиль әперді.

«Қаңтардағы қайғылы оқиғаларда қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Қазақтың «Ырыс алды – ынтымақ» деген мақалы бар. Бүгінгі таңда әрқайсысымыздың қоса алатын ең құнды үлесіміз – бір-бірімізге деген құрметімізді сақтап, болашақ ұрпақ үшін еңбек ету», деді Нұрлан Смағұлов атындағы қордың директоры Айдын Сұлтанов.
«Алматыда қаңтар айының басындағы қайғылы оқиға кезінде медициналық ұйымның 32 жедел жәрдем көлігі, тағы бір медициналық мекеменің көлігі бүлінді. Сондықтан жаңадан беріліп отырған реанимобильдер, әсіресе коронавирус инфекциясының өсуі мен жедел жәрдем қызметіне жүгінулер көбейіп жатқан заманда өте үлкен көмек болды», деді Алматы қаласы Жедел жәрдем қызметінің директоры Ербол Сәрсенбаев.
Hyundai H350 Ambulance жедел жәрдем көлігінде тәжірибесі бар дәрігерлер автомобильдің сенімділігін, қауіпсіздігін, функционалдығы мен қызмет көрсетудің қарапайымдылығын атап өтті. Жедел жәрдем көлігінің артықшылығы, жайлылық пен жұмсақтығы, бұл дәрігерлерге ауруханаға барар жолда жансақтау іс-шараларын толық жүргізуге мүмкіндік береді. Жедел жәрдем көлігі Кеден одағының техникалық регламенттеріне, Денсаулық сақтау министрлігінің жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдарына қойылатын талаптарына сәйкес келеді және Еуро-5 экологиялық стандарттарының үдесінен шығады.
Жаңа реанимобильдер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін өкпені жасанды желдету аппараттарымен, өкпені жасанды желдету құрылғылары, оттегімен ингаляциялауға арналған жүйе жиынтығымен, дефибриллятор-мониторларымен, электрсорғыштармен, артериялық қысымды, пульсоксиметрияны, температураны өлшеу функциялары бар реанимациялық-анестезиологиялық мониторлармен және басқа да заманауи технологиялармен жабдықталғанын айта кету керек.
Реанимобильдің соңғы шыққан моделінде төбесі жоғары орналасқан. Бұл дәрігерге науқасқа тік тұрып көмектесуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар заманауи жедел жәрдем көлігі жоғары жылдамдықта теңселмеуіне мүмкіндік береді.
АЛМАТЫ
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар