
«Кейбір сұхбаттарды көргенде еріксіз езуге күлкі үйіріледі. Өйткені онда мен айтпаған сөздер өріп жүр. «Энтони Джошуа 15 миллион фунт стерлингке келісіп, қарымта кездесуден бас тартты» деген әңгіме қайдан шықты? Бір анығы, мен бүгінгі күнге дейін әлгіндей мәтіндегі ешқандай келісімшартқа қол қойған жоқпын. Сондықтан болмайтын әңгімелерге назар аудармауларыңызды сұраймын. Қандай да бір жаңалықтың шеті шықса, оны бірінші кезекте өзім хабарлайтын боламын», дейді боксшы.