
Соңғы деректерге сенсек, клуб пен футболшы арасындағы келісімшарт аяқталуға жақын көрінеді. Футболшының өзі каталониялық команда сапында доп тебуге қатты құлшынып отыр. Ал «Барселонаның» бас бапкері Хави оны командасындағы негізгі шабуылшылардың бірі ретінде пайдаланбақшы. Әйткенмен Альваро Мората Италияның «Ювентусы» сапында осы маусымды аяқтауы тиіс.