Елорда • 26 Қаңтар, 2022

Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алып тасталады

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

27 қаңтардан бастап елордада террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алып тасталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда террористік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алып тасталады

Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың баспасөз қызметі өкілі жағдай тұрақталғанын мәлімдеді.

«Қабылданған шешімге сәйкес, 27 қаңтарда сағат 00.00-ден бастап қала аумағында террористік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейі алып тасталады. Күш құрылымдарының бөлімшелері штаттық жұмыс режиміне көшті», делінген хабарламада.