Бұл туралы Ералы Тоғжанов депутат сауалына берген жауабында мәлімдеді. Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы аясында Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында қайраткердің ескерткіші орнатылмақ, деп жазады Egemen.kz.

2021 жылғы 27 қазанда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы төрағалығымен өткен Мемлекеттік комиссия отырысында Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспар бекітілді. Жоспарда Ахмет Байтұрсынұлының шығармашылық мұраларын халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейде насихаттау мақсатында ғылыми, мәдени-ағартушылық, ақпараттық-имидждік іс-шаралар қамтылған.
«Бұл жоспарда депутаттық сауалда көтерілген бірқатар мәселелер қарастырылған. Атап айтсақ, Қостанай облысы Жангелді ауданының Ахмет Байтұрсынұлы ауылындағы тұлға өмірге келген үйді қалпына келтіріп, жәдігерлермен толықтырып, музей-үй етіп ашу және Байтұрсын әулетінің қорымын қоршауын жаңарту, Қостанай облысының аумағында Ахмет Байтұрсынұлының мемориалдық кешенін салу, Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды күрделі жөндеуден өткізу, Қостанай облысындағы «Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби мұражайын», Алматы қаласындағы «Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйін» абаттандыру жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ Қостанай облысындағы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген Сарытүбек қонысы аймақтық маңызы бар киелі жерлер тізіміне енгізілген», деді Ералы Тоғжанов.
Оның сөзінше, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі Алматы қаласы мәслихатының 2021 жылғы 31 мамырдағы № 51 шешіміне сәйкес жеке меншіктен коммуналдық меншікке алынды. Аталған жоспарға сәйкес ағымдағы жылы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінің ғылыми-реставрациялық жұмыстары үшін ғылыми-жобалау құжаттамасы әзірленеді.
«Жангелдин ауданының атын өзгерту, Қостанай қаласындағы әуежайға Ахмет Байтұрсынұлының атын беру мәселесі қоғамның пікірін ескеру мақсатында жергілікті халықпен, ауылдық округпен, қоғамдық кеңес мүшелерімен, мәслихат депутаттарымен, ардагерлер кеңесімен талқылау жұмысы, кездесулер ұйымдастырылғаннан кейін нәтижесіне қарай қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес іске асырылады. Ахмет Байтұрсынұлының есімін облыс орталықтарындағы мектептерге, орталық көшелерге (даңғылдарға) беру мәселесі жергілікті жерлердің ономастикалық комиссия отырыстарында қаралатын болды. Бұл мақсаттағы жұмыстар заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес барлық өңірлердің әкімдіктері тарапынан іске асырылады. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату мәселесі де Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Ал Түркияның Анкара қаласында, Ресейдің Орынбор қаласында Ахмет Байтұрсынұлының ескерткішін орнату мәселесін қарастыру аталған жоспарда қамтылған», деп айтты Премьер-министрдің орынбасары депутаттарға берген жауабында.
Оның сөзінше, жоспарда Ахмет Байтұрсынұлының мұраларын түркі әлеміне насихаттау мақсатында ТҮРКСОЙ ұйымының, отандық және шетелдік зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен Ыстамбұл қаласында дөңгелек үстел, фотокөрме ұйымдастыру, Түркістан қаласында Халықаралық түркітанушылар конгресін өткізу, сонымен қатар Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен Баку қаласында «Баку конгресі және Ахмет Байтұрсынұлы» атты конференция, Орынбор және Ташкент қалаларында мерейтойға арналған іс-шараларды өткізу қарастырылған.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар