Әлем • 26 Қаңтар, 2022

Сингапурдың соңғы ауылы

523 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаланың ең шетінде орналасқан ауыл Сингапурдың өркениеті бұрын қандай болағанын анық көрсетеді. Қаланың Йио Чу көшесінен 300 метрге жуық жерде орналасқан елді мекен нағыз уақыт капсуласы секілді, деп жазады Egemen.kz  bbc.news-қа сілтеме жасап.

Сингапурдың соңғы ауылы

Кампонг Лоронг Бангкок – Сингапурдың соңғы сақталған ауылы. Шамамен 25 түрлі ағаш өсетін елді мекенде орналасқан үйлердің төбесі қаңылтырдан жасалған. Бұл қала үшін жақын жерде электр сымдары ілулі тұрғаны сирек көрініс, себебі, заманауи стиль бойынша олар жердің астында қалған.

1

 

2

Қазіргі Сингапур туралы ойлаған кезде көптеген адамдардың ойына бұл ауылдың көрінісі елестемейді. Керісінше, Марина бей секілді үлкен ғимараттар немесе көз жауын алатын бақтар бірден ойына оралады. Алайда, 1970 жылдардың басына дейін Лоронг Бангкок сияқты кампонгтар Сингапурдың барлық жерінде кең таралған және Сингапур ұлттық университетінің зерттеушілері дәл осындай аралда 220-ға дейін кампонг болған деп есептеді. 

Рысбек Жансая,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің студенті.