Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ардагерлермен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басындағы дәстүрлі жүздесуде өткен жылғы жасалған жұмыстар сараланды. Әкім халықтың әл-ауқатын арттыруды, тұрмыс-тіршілігін түзетуді көздейтін алдағы атқарылар жобалар мен жоспарлар жайлы айтты.
«Біз қашанда «үлкенге құрмет, кішіге ізет» көрсеткен халықпыз. Елдігіміздің ұйытқысы болған аға буын өкілдерінің орны айрықша. Осында отырған әрқайсыңыз құрметке лайықсыздар. Қаламыздың өркендеуіне қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қаламыз жылдан жылға көркейіп, еліміздегі ірі мегаполиске айналды. Ендігі жерде қаламызды одан әрі дамытып, тұрғындарға ыңғайлы жағдай жасау біздің міндет. Алға қойған жоспарлы межені орындап, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз», деді М.Әйтенов.
Ол биылғы жыл қасіретті оқиғамен басталғанын айтып, пандемия кезінде болған қанды оқиға барлығымызды есеңгіретіп кеткенін айтты.
«Бүкіл әлем алдында тәуелсіздігіміз бен елдігіміз сынға түсті. Дегенмен ел болып дер кезінде Мемлекет басшысының жанына ұйыса білдік. Ендігі уақытта мұндай қасіретті оқиға болмасын», деді М. Әйтенов.
Жиынға келген әр ауданның ардагер тұрғындары тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді. Олар жұмыстың қай бағытта ақсап жатқанын айтып, пікірлерімен бөлісті.
Шымкент әкімі М.Әйтенов қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы тұрғысында баяндамасынан деректер:
- Өткен жыл қорытындысымен өнеркәсіп өнім көлемі 5,4 пайызға, инвестиция көлемі 65 пайызға, құрылыс жұмыстары 11 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үй алаңы 56 пайызға, бөлшек сауда көлемі 6 пайызға артты;
- Өндіріс аймақтарында 123 жоба іске қосылып, 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылды;
- Жаңадан 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды;
- Ауылшаруашылық саласында 14 млрд теңгеге 24 жоба іске қосылып, 336-дан астам жұмыс орны ашылды;
- Сауда-логистика аймағында биылғы жылы 4 жаңа қоймалардың құрылысы жоспарлануда. 1 көтерме-тарату орталығы салынатын болады;
- 100 млрд теңгені құрайтын 54 инвестициялық жоба іске асырылып, 2 500-ден аса жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде, шетелдік инвесторлардың қатысуымен 23,8 млрд теңгеге 4 инвестициялық жоба іске қосылды. Инвестиция көлемі 460 млрд теңгеден асты. Биыл қалаға 540 млрд теңге инвестиция тарту жоспарлануда;
- «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 9,8 млрд теңгеге 2 963 жобаға қолдау көрсетілді;
- 11 мыңнан астам орынмен 25 мектеп іске қосылды. 14 үш ауысымды мектептер саны 9-ға дейін азайды. Биыл 10,5 мыңға жуық 16 мектептің құрылысын жүргізіп, үш ауысымды мектептер санын 9-дан 5-ке дейін төмендету жоспарлануда;
- 4 жекеменшік медициналық орталық ашылды. Медицина мекемелерінің материалды-техникалық базасын жаңартуға деңгейі 71,5 пайыздан 77,3 пайызға жетті;
- «Еңбек» бағдарламасымен 35 мыңнан астам адам қамтылды. Экономика салаларында 25 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды;
- 115 ойын және спорт алаңшасы пайдалануға берілді;
- 1 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді;
- «Бір үй - бір бірлестік - бір шот» қағидасы бойынша көпқабатты тұрғын үйлердің 100 пайызында басқару жүйесі енгізілді;
- 104 көше жарықтандырылды;
- 1 саябақ пайдалануға беріліп, 300 мыңнан астам ағаш, көшеттер отырғызылды.
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар