Қазақстан • 26 Қаңтар, 2022

Қайырбек Өскенбаев Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасын қабылдады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайырбек Өскенбаев Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайырбек Өскенбаев Еуразиялық даму банкінің Басқарма төрағасын қабылдады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі өңірлерді, өңдеу өнеркәсібін, қалалар инфрақұрылымын және елдің көлік-транзиттік әлеуетін дамытуға бағытталған жобалар бойынша Еуразиялық даму банкімен ынтымақтастыққа мүдделі.

Кездесу барысында Министрге Еуразиялық даму банкінің (бұдан әрі - ЕАДБ) жұмыс нәтижелері және орта мерзімді жоспарлары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, ЕАДБ-ның 2022-2026 жылдарға арналған стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ Қазақстан өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытуға бағытталған өнеркәсіп және көлік инфрақұрылымы саласында іске асырылған және ағымдағы бірлескен жобалар талқыланды.

Николай Подгузов ЕАДБ сарапшылары Қазақстанның экономикалық өсім қарқыны жоғары болатынын болжап отырғанын айтты. Осыған байланысты Банк «Солтүстік – Оңтүстік», «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» көлік дәліздерін қалыптастыруға, тауар өткізетін бірыңғай тауар желісін құруға және Орталық Азияның су-энергетикалық кешенін жаңғыртуға бағытталған бірқатар жобаларды іске асыруға мүдделі болып отыр. Жалпы ЕАДБ 2026 жылға дейін Қазақстан экономикасына кемінде 3,9 млрд доллар инвестиция салуға ниетті.