«Қалыптасқан криминогендік жағдайды ескере отырып, кадрлық әлеуетті нығайту, қылмысқа қарсы күресті күшейту, азаматтардың қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша министрдің бұрынғы орынбасары Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Алматы облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды», делінген ведомствоның хабарламасында.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Өкімімен Заппаров Арыстанғани Расылханұлы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.