«География елдің саяси мінезін қалыптастырады» деген теория бар. Оны америкалық жазушы, саясаттанушы Роберт Каплан The revenge of geography кітабында баяндайды. Оның тұжырымы бойынша географиялық орналасу жағдайы барлық елдердің саяси мінез-құлқы мен табиғатына күшті әсер етеді. Бұл тұжырыммен келіспеске болмас.

Бір-екі мысал келтірейін: Ресейдің алып аумақты алып жатуы және шекарасының көптеген елдермен шектесуі – елдің қатаң және агрессивті саясатты ұстануына ықпал етті; Қытайдың халқының көптігі, елдің Азия құрлығында, яғни, тұтынушылардың ең көп шоғырланған аймақта орналасуы (әлем халқының 63 пайызы), шекарасы арқылы құрлықтық және теңіздік дәліздерге шыға алуы – экономикалық саясатты бірінші орынға қоюына септігін тигізді. Тағы сол сияқты барлық елді мысалға алуға болады.
Ал Қазақ елі ше? Қазақтардың үлкен аумаққа иелік етуі, оның транзиттік сипатта болуы, екі үлкен державамен шекараласуы және жерін қорғайтын әскерінің аздығы – сыртқы саясатта дипломатиялық қатынастарға үлкен мән беруге итермелеген. Ол туралы қазақ тарихында мысалдар жетерлік. Қазақ хандары мен билері, Алаш арыстары мен ел басшылары осындай салиқалы саясаттың нәтижесінде қазіргі тұтас аумақты сақтап қалды. Олар ұтымды дипломатиялық қызметті – аумақтық тұтастық пен елдегі бейбітшіліктің негізгі тірегіне айналдыра білді.
Қазаққа құбылмалы саясат пен төңкеріс арқылы келетін ауыспалы билік емес, мығым әрі сарабдал саясат пен эволюциялық жолмен елді дамытатын билік керек. Олай болмаған жағдайда, «ең басты құндылығымыз – бейбітшіліктен, ең басты байлығымыз – жерімізден» айырылып қалуымыз мүмкін. Оған қазіргі Украина, Ливия, Сирия, бұрынғы Югославия және тағы басқа мысалдар жеткілікті.
«Алматы трагедиясы» еліміздің солтүстік облыстарында орын алса не болар еді? Өзіңіз ойша сценарий құрып көріңіз…
Рас, елде мәселе көп. Отыз жылда қордаланған әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелер бар. Бірақ мәселелер төңкеріс арқылы шешілмейді.
«Қазақстандағы бейбітшілік – қазақстандықтарға керек болса, қазақтың жері – қазаққа ғана керек». Қазақ жастары осыны түсінсе екен.
Айтпақшы, тарихта қазақтар ауыспалы мал шаруашылығымен, қолынан басқа кәсіп келмегендіктен айналысқан жоқ. Жазда жайлауға, қыста қыстауға, күзде күздеуге, көктемде – көктеуге көшіп отыруының да астарында саясат жатыр.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басқа саясаткерлерден айшықтап тұратын ерекшелігі – көпжақты дипломатиялық әдіс-тәсілдер мен құралдарды жан-жақты меңгерген. Бұл ерекшелігі – кемелденуге бағыт алған елдегі бейбітшілікті қамтамасыз етуге кепіл бола алады.
Мемлекет басшысының құрған жоспары мен қойған міндеттерін қоғам болып, ел болып жүзеге асыруға атсалысуымыз қажет. Сондай-ақ елдің әлеуметтік әлеуетін көтеру, жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, электроника сияқты өңдеуші өнеркәсіп, туризм және т.б. салаларды дамытуға бағытталған саяси-экономикалық реформалар жасалуы қажет. Билік пен басқаруды ашықтық принципі арқылы жүзеге асыру, қоғамдық бақылау ұйымдарын құру, үкімет құрамын жасарту саясатын жүргізу, жастар қозғалыстарын жандандыру және басқа да көптеген мәселе жүзеге асырылуы тиіс.
Біз – жастар еліміздегі мәселелерді көрсету және оларды шешу жөніндегі өз ұсыныстарымызды ұйымдар, бірлестіктер және қауымдастықтар ауқымында талқылап, басқарушы органдарға сауатты жеткізуге тырысуымыз керек. Осыларды жүзеге асыру арқылы өзіміз армандаған Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қоса аламыз деп ойлаймын.
Шахислам ЛАЙСХАНОВ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің постдокторанты,
PhD доктор
Үш балуанымыз үздіктер тізімінде
Спорт • Кеше
Ядролық технологиялар – қауіпсіз тіршілік көзі
Ғылым • Кеше
«Болашақ» бағдарламасына құжат қабылдау басталды
Білім • Кеше
«Кейінге қалдырылған инфляцияның» зардабы қандай?
Экономика • Кеше
Медициналық туризмнің дамуына мүмкіндік мол
Медицина • Кеше
Сапалы медицина: Сақтандыру ісіне салғырт қарамайық
Медицина • Кеше
Ай топырағында өсірілген өсімдік
Ғылым • Кеше
Балалар саулығы – басты назарда
Қоғам • Кеше
Тауарды онлайн сатып алу көбейе түсті
Экономика • Кеше
Тұрғындар қандай депозитке көбірек сенеді?
Қаржы • Кеше
Автонесие: 4 мыңнан астам өтінім мақұлданды
Қоғам • Кеше
Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді
Білім • Кеше
Әдебиет • Кеше
Қазақстан • Кеше
Қазақстан • Кеше
«Әділдікті енді қайдан табамын?»
Қазақстан • Кеше
Қалдық өңдеуді өрістетуге не кедергі?
Экология • Кеше
Литийдің перспективалы учаскелері бар
Қазақстан • Кеше
Кино • Кеше
Камамберден картинаға дейін...
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Күре жолдағы көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Аймақтар • Кеше
Әлем чемпионаты: Қазақстан Италияны 5:2 есебімен жеңді
Хоккей • Кеше
Екі күнде 33 жағдай: Шығыста орман өрті өршіп тұр
Аймақтар • Кеше
Starbucks кофе желісі Ресей нарығынан кетті
Әлем • Кеше
Ақмола облысы Полиция департаментінің жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Қазақстанда қанша адам үй кезегінде тұр
Қоғам • Кеше
Қазақстандық делегация Орталық Азия жастар форумына қатысты
Қазақстан • Кеше
Автонесиелеу бағдарламасы 30 жылға жалғасады
Қоғам • Кеше
ІІМ Кинология орталығының бастығы сотталды
Оқиға • Кеше
Маңғыстау облысының Бас архитекторы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрін қабылдады
Президент • Кеше
ШҚО-да 26 жыл бұрын жазылған хат өз иесіне жетті
Аймақтар • Кеше
Хоккейден Қазақстан құрамасы Италияға қарсы ойнайды
Хоккей • Кеше
Ұқсас жаңалықтар