Білім • 27 Қаңтар, 2022

Джейкобс университетіне шақырту алды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтаудағы Назарбаев Зияткер­лік мектебінің 12-сынып оқушысы Бейбарыс Орынбасар Герма­ниядағы Джейкобс универ­сите­тінде (Jacobs University) тегін оқу­ға шақырту алды.

Джейкобс университетіне шақырту алды

Университет мұндай білім грантын оқушының білім саласындағы жетіс­тіктері мен ерекше дағдылары үшін бер­ген. Бейбарыс аталған жоғары оқу ор­нында электр және компьютер инженериясы саласы бойынша мамандана алады.

– Бейбарысқа бұл университетте ағылшын тілінде білім алу мүмкіндігі берілді. Тек неміс тілінде берілетін білім гранттарының қасында бұл үлкен же­тістік деп санаймыз. Болашағынан үміт күттіретін зияткердің көрсеткіштері өте жоғары. Мәселен, ағылшын тілінің ха­лықаралық емтиханы IELTS-қа өз­дігінен дайындалып, 7,5 балл жинады, – дейді мектептегі кәсіби бағдар жөніндегі кеңесші Әсел Исмаханбетова.

Бейбарыс Орынбасар – Ақтаудағы зияткерлік мектептегі үздік оқушылар­дың бірі. Бірнеше халықаралық пән олим­пиадаларының жүлдегері. Сонымен қатар жеңіл атлетикадан да үздік нәти­желер көрсетіп келеді.

– Университетке құжат тапсыру үшін ең алдымен халықаралық деңгейде қа­жетті емтихандарды тапсырып, жоға­ры балл жинауға жұмыстандым. Бұл тұрғыда ұстаздарымның көмегі шек­сіз. Сондай-ақ университетте оқуға лайық­ты студент екеніңді дәлелдейтін мотивациялық хат, эсселерді ағылшын тілінде жазып тапсырдым. Менің ойымша, грант тағайындау мәселесінде бұған дейінгі олимпиада мен жарыстардағы жетістіктерім шешуші рөл ойнады деп ойлаймын, – дейді Бейбарыс.

Зияткер әлі де жоғары оқу орындарында бағын сынап көрмек. Сол үшін де қызу дайындық үстінде.

 

Маңғыстау облысы

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше