18 Наурыз, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №225

232 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
2014 жылғы 12 наурыз,   Астана, Үкімет Үйі «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы № 1280 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1075-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) көрсетілген қаулымен бекітілген Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану қағидаларында: 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «19. Сатып алу интервенцияларын жүргізу үшін азық-түлік тауарларына бекітілген баға Комиссия шешімімен нарықтық баға деңгейінде белгіленеді. Тұрақтандыру қорын қалыптастыру кезінде делдалдарды болдырмау мақсатында азық-түлік тауарларын сатып алу отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен жүзеге асырылады.»; 48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «48. Тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын тауар интервенциялары, азық-түлік тауарларын жаңарту үшін сатуды мамандандырылған ұйым өзінің өткізу нүктелері және (немесе) келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарттар жасасқан сауда желілері арқылы, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өндеу кәсіпорындарына сатуды жүзеге асырады. Бұл ретте қайта өндеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс.»; 2) көрсетілген Қағидалардың қосымшасында: «Тараптардың міндеттері» деген 4-бөлімде: 2-тармақта: 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) делдалдарды болдырмау мақсатында азық-түлік тауарларын отандық тауар өндірушілерден басым тәртіппен сатып алуды жүзеге асыруға;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) тұрақтандыру қорының азық-түлік тауарларын өзінің сауда нүктелері арқылы және/немесе келісілген сауда үстемесімен сату туралы алдын ала шарт жасасқан сауда желілері арқылы өткізуге, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру үшін қайта өндеу кәсіпорындарына өткізуге. Бұл ретте қайта өңдеу кәсіпорны өндірген дайын азық-түлік тауарының бағасы шекті рұқсат етілген бөлшек сауда бағасынан аспауы және мамандандырылған ұйым қайта өңдеу кәсіпорнымен жасасқан сату туралы шартта атап өтілуі тиіс;». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.